Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 199 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 қарашада № 9-6-131 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 87 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2012.04.16 № 87 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7–бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аманкелді ауданының жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, квотаға сәйкес жұмыс орындарына орналастыру үшін, өтініш білдірген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.У. Хайруллинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
С. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
 
"Аманкелді ауданының жұмыспен қамту
 
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
 
мемлекеттік мекемесінің бастығы
 
_______________ М.Тобағабулов
 

      

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Амангельдинского района Костанайской области от 18 октября 2011 года № 199. Зарегистрировано Управлением юстиции Амангельдинского района Костанайской области 2 ноября 2011 года № 9-6-131. Утратило силу - Постановлением акимата Амангельдинского района Костанайской области от 16 апреля 2012 года № 87

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Амангельдинского района Костанайской области от 16.04.2012 № 87.
      В соответствии со статей 21 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Амангельдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест Амангельдинского района.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Амангельдинского района" обеспечить направление обратившихся лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, для трудоустройства на рабочие места в соответствии с квотой.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Хайруллина С.У.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким района
С. Ахметов
СОГЛАСОВАНО:
 
Начальник
 
Государственного учреждения
 
"Отдел занятости и социальных программ
 
Амангельдинского района"
 
___________ М. Тобагабулов