Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 142 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 наурызда № 9-7-131 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 302 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 09.08.2011 № 302 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 1516-баптарына, "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 106 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметтерді көрсету стандартын бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3606 нөмірімен тіркелген) қаулысына сәйкес, Әулиекөл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 207 "Әулиекөл ауданының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-7-126 нөмірімен тіркелген) шешімі негізінде, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету:
      1) ай сайынғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 68 баптарына сәйкес, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) емдеу аяқталғаннан кейін мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққан, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      3) халықтың әлеуметтік-қорғалатын топтарына жататын отбасыларға, (азаматтарға), өрт немесе су басуда келтірілген зардап нәтижесінде әлеуметтік көмекке мұқтажды нақты шығындар бойынша, бірақ жетпіс айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде бір жолғы әлеуметтік көмек. Жағдайдың нәтижесінде төтенше жағдайды енгізу үшін негіз болған, зардап шеккендерден тұлғалардан тыс;
      4) табысына қарамастан барлық санаттағы мүгедектерге нақты шығындар бойынша шұғыл емделуге, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөрістен төмен табыстары бар отбасыларға (азаматтарға) жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) аз қамсыздандырылған отбасылардың кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге он бес есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек. Егер баланың қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органда ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі жұмыссыз ретінде тіркелген болса, әлеуметтік көмек арыз берушіге тағайындалады және төленеді;
      7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөрістен төмен табыстары бар отбасының қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелеріне немесе қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға тағайындалады және төленеді;
      8) Жеңіс күніне – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне бес мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға екі мың теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      9) нақты шығындар бойынша мүгедектердің санаторияларға және сауықтыру орталықтарына баруына байланысты шығындарын өтеу үшін бір жолғы әлеуметтік көмек;
      10) білім ұйымдарында оқуды төлеу үшін бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа да төлемдер алатын, мемлекеттік білім гранттарына ие болған тұлғалардан басқа, табысы ең төменгі күнкөрістен кем отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғарғы білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек. Көмек 2 үлеспен аударылатын оқу жылының ағымында оқудың бір жылдық құны мөлшерінде көрсетіледі.
      2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (әрі қарай – уәкілетті орган) мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып тағайындалсын.
      3. Анықталсын:
      1) жеке санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі аудандық комиссияның нұсқауларын ескере отырып қабылданады.
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайынғы қосымша әлеуметтік көмек арыз берушінің арызды берген айдан бастап тағайындалады және арыз берушінің қайтыс болуына байланысты немесе оның аудан аумағы шегінен шығуына байланысты тоқтатылады.
      4. Әлеуметтік көмекке өтініш берген арызы бойынша, басқа да субъектілерден, лауазымды тұлғалардан қарастыру үшін ақпарат алуды талап етпейтін немесе тексеру орнына шығу шешімі субъектіге, лауазымды тұлғаға арыз түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күннің ағымында қабылданады.
      Әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның арызы бойынша, мұны басқа да субъектілерден, лауазымды тұлғалардан қарастыру үшін ақпарат алуды талап етпейтін немесе тексеру орнына шығу шешімі субъектіге, лауазымды тұлғаға арыз түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннің ағымында қабылданады.
      5. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту үшін негіз:
      1) арыз берушінің жалған мәліметтерді ұсынуы;
      2) осы қаулының 1 тармағына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтардың санаттарына арыз берушінің сәйкес келмеуі болып келеді.
      6. Әлеуметтік көмектің төлемі екінші деңгейлі банк немесе ұйымдар арқылы, банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Халық банкінің лицензиясы бар әлеуметтік көмекті алушының ағымды банк шотына қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыруды әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімді шығару сәтінен бастап 15 күннің ішінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалсын.
      8. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін осы қаулыда қарастырылған, қосымшаға сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі анықталсын.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған іс-әрекетке таралады.

      Әулиекөл ауданының әкімі                   Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігінің
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Әулиекөл аудандық орталық
      ауруханасы" шаруашылықты жүргізу
      құқығындағы мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының бас
      дәрігері
      __________________ С.В. Шульгин
      2011 жылғы 15 наурызда

Әкiмдіктің       
2011 жылғы 15 наурыздағы 
№ 142 қаулысына қосымша 

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      алушының ағымды шоттың ашылғанын растайтын құжаттың көшірмесі болып келеді;
      Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып келетін, өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебенің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Қосымша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      2) емдеу аяқталғаннан кейін мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққан, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға қосымша тамақтануға біржолғы әлеуметтік көмек:
      аурудың емделуде болуын растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      баланың туу туралы куәліктің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      3) халықтың әлеуметтік-қорғалатын топтарына жататын отбасыларға, (азаматтарға) өрт немесе су басуда келтірілген шығынның нәтижесінде әлеуметтік көмекке мұқтаждарға бір жолғы әлеуметтік көмек:
      сәйкес органдардан, төтенше жағдайлардың туындағанын растайтын құжаттар;
      келтірілген шығынның соммасын растайтын құжаттар;
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) табысына қарамастан барлық санаттағы мүгедектерге нақты шығындар бойынша шұғыл емделуге біржолғы әлеуметтік көмек:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      емделу құнын растайтын құжаттар;
      5) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөрістен төмен табыстары бар отбасыларға (азаматтарға) бір жолғы әлеуметтік көмек:
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының (азаматтың) табыстары туралы мәліметтер;
      6) аз қамсыздандырылған отбасылардың кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтамасы,
      баланың туу туралы актілі жазбадан үзіндісі;
      отбасының табысы туралы мәліметті растайтын, құжаттар;
      уәкілетті органнан жұмыссыз ретінде ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілдің тіркелгені туралы анықтама;
      егер жерлеу қайтыс болған адамдардың мүшелерімен жасалса, арыз беруші туыстық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      егер жерлеу қайтыс болған адамдардың мүшелерімен жасалмаса, арыз беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын ритуалды қызмет орнынан құжаттың көшірмесін ұсынады;
      7) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтамасы;
      уәкілетті органнан қайтыс болушының жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы анықтама;
      егер жерлеу қайтыс болған адамның отбасы мүшелерімен жасалса, арыз беруші туыстық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      егер жерлеу қайтыс болған адамның отбасы мүшелерімен жасалмаса, арыз беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын ритуалды қызмет орнынан құжаттың көшірмесін ұсынады;
      8) Жеңіс күніне орай бір жолғы әлеуметтік көмек: Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға:
      егер осы азамат уәкілетті органның есебінде тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      9) мүгедектердің санаторияларға және сауықтыру орталықтарына баруына байланысты шығындарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек:
      жолдамаға кері талоны;
      стационарлық аурудың медициналық картасынан үзінді;
      жол жүру билеттері;
      10) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғарғы білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек:
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      оқу төлемін растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін беріледі.
      3. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары құжат берілген күні, өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәләндіріледі және іске қалыптастырылады.

Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан

Постановление акимата Аулиекольского района Костанайской области от 15 марта 2011 года № 142. Зарегистрировано Управлением юстиции Аулиекольского района Костанайской области 29 марта 2011 года № 9-7-131. Утратило силу постановлением акимата Аулиекольского района Костанайской области от 9 августа 2011 года № 302

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Аулиекольского района Костанайской области от 09.08.2011 № 302.

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 1516 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", постановлением акимата Костанайской области от 30 января 2008 года № 106 "Об утверждении стандарта оказания государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3606), на основании решения Аулиекольского районного маслихата от 14 декабря 2010 года № 207 "О бюджете Аулиекольского района на 2011-2013 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9-7-126), в целях реализации бюджетной программы "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", акимат Аулиекольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям граждан:
      1) ежемесячную социальную помощь: участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в размере четырех месячных расчетных показателей; лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, согласно статьям 68 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" в размере двух месячных расчетных показателей;
      2) единовременную социальную помощь больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации по окончании лечения на дополнительное питание без учета доходов в размере десяти месячных расчетных показателей;
      3) единовременную социальную помощь семьям (гражданам), относящимся к социально защищаемым слоям населения, нуждающимся в социальной помощи в результате ущерба причиненного пожаром, либо затоплением в размере фактического ущерба, но не более семидесяти месячных расчетных показателей, кроме лиц, пострадавших в результате обстоятельств, послуживших основанием для введения чрезвычайного положения;
      4) единовременную социальную помощь инвалидам всех категорий независимо от дохода на оперативное лечение по фактическим затратам, но не более пятидесяти месячных расчетных показателей;
      5) единовременную социальную помощь гражданам (семьям), имеющим среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума в размере семи месячных расчетных показателей;
      6) единовременную социальную помощь на погребение несовершеннолетних детей из малообеспеченных семей в размере пятнадцати месячных расчетных показателей. Социальная помощь назначается и выплачивается заявителю, если один из родителей или иной законный представитель на день смерти ребенка зарегистрирован в качестве безработного в уполномоченном органе по вопросам занятости;
      7) единовременную социальную помощь на погребение умерших безработных, в семье которых среднедушевой доход ниже прожиточного минимума, в размере двадцати месячных расчетных показателей. Социальная помощь на погребение назначается и выплачивается членам семьи, либо лицу, осуществившему погребение умерших безработных, которые на момент смерти были официально зарегистрированы в качестве безработных в уполномоченном органе по вопросам занятости;
      8) единовременную социальную помощь ко Дню Победы: инвалидам, участникам Великой Отечественной войны в размере пяти тысяч тенге; лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны в размере двух тысяч тенге;
      9) единовременную социальную помощь инвалидам на возмещение расходов, связанных с проездом в санатории и реабилитационные центры по фактическим затратам;
      10) социальная помощь молодежи из семей с доходами ниже прожиточного минимума, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального образования, послесреднего образования, высшего образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов и (или) получателями иных выплат из государственного бюджета направленных на оплату обучения в организациях образования. Помощь оказывается в размере стоимости годового обучения перечисляемого двумя долями в течение учебного года.
      2. Определить уполномоченным органом по назначению и выплате социальной помощи государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Аулиекольского района" (далее - уполномоченный орган).
      3. Определить, что:
      1) решение уполномоченного органа о назначении или об отказе в назначении социальной помощи принимается с учетом рекомендации районной комиссии для выплат единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан;
      2) ежемесячная дополнительная социальная помощь участникам и инвалидам Великой Отечественной войны назначается с месяца подачи заявления и прекращается в связи со смертью заявителя или его выбытия за пределы территории района.
      4. Решение по заявлению лица, обратившегося за социальной помощью, для рассмотрения которого не требуется получение информации от иных субъектов, должностных лиц, либо проверка с выездом на место, принимается в течение пятнадцати календарных дней со дня поступления заявления субъекту, должностному лицу.
      Решение по заявлению лица, обратившегося за социальной помощью, для рассмотрения которого требуется получение информации от иных субъектов, должностных лиц, либо проверка с выездом на место, принимается в течение тридцати календарных дней со дня поступления заявления субъекту, должностному лицу.
      5. Основаниями для отказа в назначении социальной помощи являются:
      1) предоставление заявителем недостоверных сведений;
      2) несоответствие заявителя категориям граждан, которым оказывается помощь в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления.
      6. Выплата социальной помощи осуществляется путем перечисления денежных средств на текущий банковский счет получателя социальной помощи, через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии Национального банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций.
      7. Финансирование социальной помощи производить по бюджетной программе "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" в течение 15 дней с момента вынесения решения о назначение социальной помощи.
      8. Определить перечень необходимых документов для назначения социальной помощи, предусмотренных настоящим постановлением, согласно приложению к настоящему постановлению.
      9. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района.
      10. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2011 года.

      Аким Аулиекольского района                 Б. Гаязов

      СОГЛАСОВАНО:

      Главный врач государственного
      коммунального предприятия на
      праве хозяйственного ведения
      "Аулиекольская центральная
      районная больница" Управления
      здравоохранения акимата
      Костанайской области
      __________________ Шульгин С.В.
      15 марта 2011 год

Приложение         
к постановлению акимата   
от 15 марта 2011 года № 142 

Перечень необходимых документов для назначения
социальной помощи отдельным категориям граждан

      1. Обязательными документами для назначения социальной помощи являются:
      заявление лица, обратившегося за социальной помощью;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      документ, подтверждающий место жительства заявителя;
      копия свидетельства налогоплательщика;
      копия социального индивидуального кода;
      копия документа, подтверждающего открытие текущего счета получателя.
      Для заявителя, являющегося законным представителем несовершеннолетнего ребенка - копия документа, подтверждающего наличие указанного статуса.
      2. Дополнительно для назначения социальной помощи представляются следующие документы:
      1) ежемесячная социальная помощь: участникам, инвалидам Великой Отечественной войны; лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны:
      копия документа, подтверждающего социальный статус получателя;
      2) единовременная социальная помощь больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации по окончании лечения на дополнительное питание:
      справка из соответствующего медицинского учреждения, подтверждающая нахождение больного на лечении;
      копия свидетельства о рождении ребенка (для несовершеннолетних детей);
      3) единовременную социальную помощь семьям (гражданам), относящимся к социально защищаемым слоям населения, нуждающимся в социальной помощи в результате ущерба причиненного пожаром, либо затоплением:
      документ из соответствующего органа, подтверждающий событие, влекущее предусмотренную выплату;
      документы, подтверждающие сумму причиненного ущерба;
      копия документа, подтверждающего социальный статус получателя;
      4) единовременная социальная помощь инвалидам всех категорий независимо от дохода на оперативное лечение по фактическим затратам:
      копия документа, подтверждающего социальный статус получателя;
      документы, подтверждающие стоимость лечения;
      5) единовременная социальная помощь гражданам (семьям), имеющим среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума:
      документы, подтверждающие сведения о доходах за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      6) единовременная социальная помощь на погребение несовершеннолетних детей из малообеспеченных семей:
      копия свидетельства о смерти или справка о смерти;
      выписка из актовой записи о рождении ребенка;
      документы, подтверждающие сведения о доходах семьи;
      справка из уполномоченного органа о регистрации одного из родителей или иных законных представителей в качестве безработного;
      если погребение осуществлено членами семьи умершего, заявитель представляет копию документа, подтверждающего родственные отношения;
      если погребение осуществлено не членами семьи умершего, заявитель представляет копию документа из ритуальной службы, подтверждающей осуществление погребения;
      7) единовременная социальная помощь на погребение умерших безработных, в семье которых среднедушевой доход ниже прожиточного минимума:
      копия свидетельства о смерти или справка о смерти;
      справка из уполномоченного органа о регистрации умершего в качестве безработного;
      если погребение осуществлено членами семьи умершего, заявитель представляет копию документа, подтверждающего родственные отношения;
      если погребение осуществлено не членами семьи умершего, заявитель представляет копию документа из ритуальной службы, подтверждающего осуществление погребения;
      8) единовременная социальная помощь ко Дню Победы: инвалидам, участникам Великой Отечественной войны; лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам, инвалидам Великой Отечественной войны:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      9) единовременная социальная помощь инвалидам на возмещение расходов, связанных с проездом в санатории и реабилитационные центры:
      обратный талон к путевке;
      выписка из медицинской карты стационарного больного;
      проездные билеты;
      10) социальная помощь молодежи из семей с доходами ниже прожиточного минимума, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального образования, послесреднего образования, высшего образования:
      документ, подтверждающий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год, выданный соответствующим учебным заведением;
      документы, подтверждающие сведения о доходах за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      документ, подтверждающий оплату за обучение, предоставляется после совершения оплаты.
      3. Документы, предоставляются в подлинниках и копиях для сверки. Подлинники документов возвращаются незамедлительно после сверки, в день подачи документа, а копии документов заверяются и формируются в дело.