"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 7-917 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырыс ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2011 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
2. 2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл
ауданының әкімі Б. Ғаязов
Әкімдіктің
2011 жылғы 13 мамырда
№ 205 қаулысына қосымша
2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері
№ р/т |
Ауыл шаруашылығы |
Егу мерзімдері |
1 |
жаздық дәнді дақылдары |
15 мамырдан 5 маусымға |
2 |
майлы дақылдар |
18 мамырдан 30 мамырға |
3 |
бір жылдық жемшөп: |
30 сәуірден 15 шілдеге |
4 |
жүгері, сүрлемдік |
15 мамырдан 31 мамырға |
5 |
алғашқы жылғы көпжылдық |
20 сәуірден 31 мамырға |
6 |
күздік дәнді дақылдары |
15 тамыздан 1 қыркүйекке |
7 |
көкөніс және бақшалық |
25 сәуірден 10 маусымға |
8 |
картоп |
10 мамырдан 31 мамырға |