2011 жылға арналған ауылшаруашылық дақылдарын себудің оқтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 205 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 мамырда № 9-7-137 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 7-917 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға тапсырыс ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2011 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
      2. 2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл
      ауданының әкімі                            Б. Ғаязов

Әкімдіктің      
2011 жылғы 13 мамырда  
№ 205 қаулысына қосымша 

2011 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері

№ р/т

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Егу мерзімдері

1

жаздық дәнді дақылдары
және дәндібұршақ
дақылдары

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

2

майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамырға
дейін

3

бір жылдық жемшөп:
жасыл конвейер
қоспа жемшөп, пішендеме

30 сәуірден 15 шілдеге
дейін
15 мамырдан 5 шілдеге
дейін

4

жүгері, сүрлемдік
күнбағыс

15 мамырдан 31 мамырға
дейін

5

алғашқы жылғы көпжылдық
шөптер:
бірінші мерзімі
екінші мерзімі

20 сәуірден 31 мамырға
дейін
5 шілдеден 1 тамызға
дейін

6

күздік дәнді дақылдары

15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін

7

көкөніс және бақшалық

25 сәуірден 10 маусымға
дейін

8

картоп

10 мамырдан 31 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады