Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2011 жылғы 1 қарашадағы № 386 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қарашада № 9-10-170 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 97 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2013.01.04 № 97 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, бір жолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, тоқсан сайын, 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, тұрмыстық қажеттіліктерге, тоқсан сайын, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       А. Пфейфер

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жітіқара ауданының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ И. Григорьева

      "Жітіқара ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ Г. Жидебаева

Мәслихаттың 2011 жылғы   
1 қарашадағы № 386 шешіміне 
қосымша             

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұтынушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының салық төлеуші куәлігі;
      4) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      5) алушының банктіқ шоты бар болуын растайтын құжат;
      6) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде, жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      емделу шығындарын растайтын құжат;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
      шипажай-курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді;
      мүгедектің шипажайда немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат.
      3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      8) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      9) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін, тұрмыстық қажеттіліктерге:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 5) тармақшасымен көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

О социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение маслихата Житикаринского района Костанайской области от 1 ноября 2011 года № 386. Зарегистрировано Управлением юстиции Житикаринского района Костанайской области 11 ноября 2011 года № 9-10-170. Утратило силу - Решением маслихата Житикаринского района Костанайской области от 4 января 2013 года № 97

      Сноска. Утратило силу - Решением маслихата Житикаринского района Костанайской области от 04.01.2013 № 97 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 1 января 2013 года).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Стандартом государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 Житикаринский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь:
      1) инвалидам всех категорий, без учета доходов, на оперативное лечение по фактическим затратам, единовременно, не более 50 месячных расчетных показателей;
      2) инвалидам всех категорий, без учета доходов, для возмещения расходов, связанных с проездом в санатории или реабилитационные центры, единовременно, в размере 2 месячных расчетных показателей;
      3) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины продовольственной корзины по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды, единовременно, в размере 7 месячных расчетных показателей;
      4) лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, единовременно, в размере 15 месячных расчетных показателей;
      5) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, на день смерти зарегистрированных в качестве безработных в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Житикаринского района" (далее - уполномоченный орган по вопросам занятости), единовременно, в размере 20 месячных расчетных показателей;
      6) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 5 месячных расчетных показателей;
      7) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, и лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, единовременно, в размере 2 месячных расчетных показателей;
      8) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, без учета доходов, на дополнительное питание, единовременно, в размере 10 месячных расчетных показателей;
      9) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума установленного по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, молодежи относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального, послесреднего или высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организациях образования;
      10) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на бытовые нужды, ежеквартально, в размере 12 месячных расчетных показателей;
      11) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, ежеквартально, в размере 6 месячных расчетных показателей.
      2. Определить перечень документов, необходимых для получения государственной услуги "Назначение и выплата социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов", согласно приложению к настоящему решению.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      сессии Житикаринского
      районного маслихата                        А. Пфейфер

      Секретарь Житикаринского
      районного маслихата                        М. Кененбаева

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
      Житикаринского района"
      ______________________ И. Григорьева

      Начальник государственного
      "Отдел экономики и
      бюджетного планирования
      Житикаринского района"
      ______________________ Г. Жидебаева

Приложение      
к решению маслихата  
от 1 ноября 2011 года 
№ 386         

Перечень документов, необходимых для
получения государственной услуги "Назначение и выплата
социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов"

      1. Обязательные документы:
      1) заявление потребителя, обратившегося за социальной помощью;
      2) документ, удостоверяющий личность получателя, для несовершеннолетних получателей – свидетельство о рождении;
      3) свидетельство налогоплательщика получателя;
      4) документ, подтверждающий регистрацию по месту жительства получателя;
      5) документ, подтверждающий наличие банковского счета получателя;
      6) при обращении законного представителя получателя, прилагаются документ, удостоверяющий личность, и документ, подтверждающий полномочия законного представителя.
      2. Дополнительные документы:
      1) для инвалидов всех категорий, без учета доходов, на оперативное лечение по фактическим затратам:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      документ, подтверждающий затраты на лечение;
      2) для инвалидов всех категорий, без учета доходов, для возмещения расходов, связанных с проездом в санатории или реабилитационные центры:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      выписка из индивидуальной программы реабилитации инвалида;
      выписка из санаторно-курортной карты или медицинской карты;
      документ, подтверждающий нахождение инвалида в санатории или реабилитационном центре.
      3) для лиц из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины продовольственной корзины по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, на бытовые нужды:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      4) для лиц из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      5) для лиц из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, на день смерти зарегистрированных в качестве безработных в уполномоченном органе по вопросам занятости:
      сведения о доходах лица (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      свидетельство о смерти;
      документ, подтверждающий родственные отношения;
      6) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      7) для лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также других категорий лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, и лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны ко Дню Победы в Великой Отечественной войне:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      8) для лиц больных заразной формой туберкулеза, выписанных из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, без учета доходов, на дополнительное питание:
      справка из соответствующей медицинской организации, подтверждающая нахождение на лечении;
      9) для молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума установленного по Костанайской области за квартал, предшествующий кварталу обращения, молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, для возмещения расходов, связанных с получением технического и профессионального, послесреднего или высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования, за исключением лиц, являющихся обладателями государственных образовательных грантов, получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организациях образования:
      для молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, сведения о доходах получателя (семьи) за квартал, предшествующий кварталу обращения;
      для молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      документ, подтверждающий место учебы и размер оплаты обучения за учебный год, выданный соответствующим учебным заведением;
      документ, подтверждающий оплату за обучение;
      10) для участников и инвалидов Великой Отечественной войны на бытовые нужды:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае, если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе;
      11) для лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды:
      документ, подтверждающий социальный статус получателя, в случае, если данный гражданин не состоит на учете в уполномоченном органе.
      3. Документы предоставляются в копиях и подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю в день подачи заявления.
      4. В случае, предусмотренном подпунктом 5) пункта 1 настоящего решения, уполномоченный орган по вопросам занятости проверяет регистрацию в качестве безработного.