Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 4 қаңтардағы № 97 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қаңтарда № 3993 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2013 жылғы 9 тамыздағы № 141 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 09.08.2013 № 141 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге, бір жолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен көп емес;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, бір жолғы, нақты шығындар бойынша;
      3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, бір жолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген болса, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына, және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бір жолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      9) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, табыстарын есепке алмай, 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілсін.
      2. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
      3. Мәслихаттың 2011 жылғы 1 қарашадағы № 386 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-170 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашадағы № 46 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Бесінші
      сессияның төрағасы                         М. Айткужинов

      Жітіқара аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________________ А. Мекебаева

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Жидебаева

Мәслихаттың      
2013 жылғы 4 қаңтардағы
№ 97 шешіміне қосымша 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметті
алу үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Міндетті құжаттар:
      1) әлеуметтік көмекке өтініш жасаған алушының өтініші;
      2) алушының жеке басын куәландыратын құжат, ал кәмелетке толмаған алушылар үшін – туу туралы куәлік;
      3) алушының тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;
      4) алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;
      5) алушының заңды өкілі өтініш жасаған кезде жеке басын куәландыратын құжат, және заңды өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат қоса беріледі.
      2. Қосымша құжаттар:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша жедел емделуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      жедел емделу шығындарын растайтын құжат;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге:
      алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді;
      шипажай-курорттық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді;
      мүгедектің шипажайда немесе оңалту орталығында болуын растайтын құжат;
      межелі жеріне жол жүруі және кері қайтуы бойынша шығындарын растайтын құжат.
      3) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғалары үшін, тұрмыстық қажеттіліктеріне:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      4) табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге:
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғалары үшін, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күні жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса:
      өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға, тұлғаның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      қайтыс болуы туралы куәлік;
      туыстық қатынастарды растайтын құжат;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ, соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттары, және 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға, Ұлы Отан соғысында Жеңіс Күніне орай:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      8) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға:
      емделуде болғанын растайтын, тиісті медициналық ұйымнан анықтама;
      9) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге:
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасылардың жастары үшін, өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға алушының (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;
      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастар үшін, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшері мен оқу орнын растайтын құжат;
      оқу төлемін растайтын құжат;
      10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрмыстық қажеттіліктеріне:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін, тұрмыстық қажеттіліктеріне:
      егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.
      3. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмелерде ұсынылады, содан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге өтініш берген күні қайтарылады.
      4. Осы шешімнің 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда, жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз ретінде тіркелгендігін тексереді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады