Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 02.05.2013 № 2-20/61 хатымен).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармақтарына сәйкес, Қарабалық ауданы әкімінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 01-05/464 хатын қарастырып, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2011.06.17 № 368 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Бюджеттік кредит мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен белгіленген мерзімге және ставка бойынша беріледі.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он алтыншы
сессия төрағасы С. Лысоченко
Аудандық
мәслихатының хатшысы А. Тюлюбаев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарабалық ауданының
кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________ А. Бейсембаев
"Қарабалық ауданының
экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________________ Н. Бодня
"Қарабалық ауданының
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________ Л. Булдакова