Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 355 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 мамырда № 9-12-158 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2013 жылғы 2 мамырдағы № 2-20/61 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 02.05.2013 № 2-20/61 хатымен).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармақтарына сәйкес, Қарабалық ауданы әкімінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 01-05/464 хатын қарастырып, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2011.06.17 № 368 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Бюджеттік кредит мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен белгіленген мерзімге және ставка бойынша беріледі.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Он алтыншы
      сессия төрағасы                            С. Лысоченко

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Тюлюбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарабалық ауданының
      кәсіпкерлік және
      ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _________ А. Бейсембаев

      "Қарабалық ауданының
      экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________________ Н. Бодня

      "Қарабалық ауданының
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ____________ Л. Булдакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады