Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егістікте егілетін басым дақылдар алаңында субсидиялар алушылар тізіміне енгізуге ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен өтінімдер берудің мерзімдері белгіленсін: 2011 жылдың 26 сәуірінен бастап 11 маусымына дейін.
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың сәуірінен бастап пайда болған әрекеттерге қолданылады.
Аудан әкімі А. Ахметжанов