2011 жылға арналған ауылшаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 281 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 маусымда № 9-14-152 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егістікте егілетін басым дақылдар алаңында субсидиялар алушылар тізіміне енгізуге ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен өтінімдер берудің мерзімдері белгіленсін: 2011 жылдың 26 сәуірінен бастап 11 маусымына дейін.
      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың сәуірінен бастап пайда болған әрекеттерге қолданылады.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады