"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2012 жылға арналған Қостанай ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары анықталсын.
2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Қостанай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қарастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің орынбасары С. Кульбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Ахметжанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________________ В. Панин
Әкімдіктің
2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 668 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған Қостанай ауданының әкімшілік
аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2012.05.08 № 283 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Табысы аз адамдар.
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
7. Мүгедектер.
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
10. Оралмандар.
11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
12. Жұмыс беруші–заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші–жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
13. Ұзақ (он екі айдан аса) жұмыспен қамтылмаған адамдар.
14. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан адамдар.
15. Алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыспен қамтылмаған жастар.
16. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған жұмыссыз адамдар.
17. Кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
18. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.