Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011.05.06 № 133 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 29 бабының 7 тармағына, Қостанай облысының әкімдігінің "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысына, Ұзынкөл аудандық мәслихатының "2011 - 2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы", (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-19-143 тіркелген) 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 шешіміне сәйкес, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе мөлшерінде материалдық көмек белгіленсін (әрі қарай – материалдық көмек).
2. Материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының банктік шотына ақша қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүзеге асырылады.
3. "Үйде тәрбиеленетін және оқитың мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 137 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-125 тіркелген, 2010 жылы 20 мамырда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылсын.
4. Қаулының орындалуына бақылау жасау ауданың әкімінің орынбасары Э.К. Күзенбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға өз әрекетін таратады.
Ұзынкөл ауданының әкімі Т. Ташмағамбетов