Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 сәуірде № 9-19-125 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 52 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011.02.21 № 52 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға өз әрекетін таратады) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 29 бабының 7 тармағын, Қостанай облысының әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" қаулысына, Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 230 "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе мөлшерінде материалдық көмек белгіленсін (әрі қарай – материалдық көмек).
      2. Материалдық көмекті төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақша қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның ұсынған тізімі бойынша жүзеге асырылады.
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.В Слесарьға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға өз әрекетін таратады.

      Ұзынкөл ауданының әкімі                    А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының білім беру
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі,
      бастық _________ А. Бараншина

      "Ұзынкөл ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бастық
      _______________________ Е. Құдабаев

      "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі, бастық
      ________________ Ә. Сарсенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады