Азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суға демеу қаржы беру туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы N 360/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 07 маусымда N 12-3-296 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 06 қаңтардағы N 22/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 06.01.2012 N 22/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 31 наурыздағы (IV шақырылған кезектен тыс XXХI сессиясы) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XXVII сессия) "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 342/31 шешімін орындауда, азаматтардың жекеленген санаттарын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Демеу қаржы алуға Екібастұз өңірінде тіркелген және тұрақты тұрып жатқан бау-бақшалары бар жеке үйлердің меншікті иелері немесе жалға алушылары (жалдаушылар) болып табылатын, еңбекке қабілетті жастағы тұлғалармен бірге тіркелгендерден басқа зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер құқылы екендігі белгіленсін.
      Жеке меншігінде екі немесе одан да көп бау-бақшалы үйлері бар зейнеткерлер және барлық топтағы мүгедектер бір ғана бау-бақшалы үйге демеуқаржы алуға құқылы.
      2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) бау-бақшаны суару үшін пайдаланатын суару суы құнының 50% мөлшерінде суға демеуқаржы берсін.
      3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар демеуқаржы алу үшін қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішпен Бөлімге тиісті жылдың 15 қазанына дейін өтінуі қажет.
      4. Бөлім тиісті жылдың қараша айында қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшалай қаржыны зейнеткерлердің және барлық топтағы мүгедектердің "Қазпошта" акционерлік қоғамына немесе ІІ деңгейдегі банктердегі есеп шоттарына аударсын.
      5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру бюджетпен қарастырылған қаржы аясында жүзеге асырылсын.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсiн.

      Екiбастұз қаласының әкiмi                  А. Вербняк

Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 13 мамырдағы  
N 360/4 қаулысына    
қосымша        

"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік  
мәселелер бөлімі" ММ бастығы   
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
Тұратын мекен-жайы:       
_____________________________________

ӨТІНІШ

Мен, ________________________________________________________________
                   (аты, тегі, әкесінің аты толығымен)
_____________________________________________________________________
мекен-жайы бойынша орналасқан бау-бақшасы бар жеке меншік үйдің меншікті иесі/немесе жалға алушысы (жалдаушы) болып табыламын

Бау-бақша (шаршы санын көрсету)______________________________________
СТН __________________ N_______________________________________ жеке
есеп шотына суға демеуқаржы аударуыңызды сұраймын.
      1) сәйкес жылдың мамыр, маусым, шілде, тамыз және қыркүйек айларының суару суына төленген түбіртектің көшірмесі;
      2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      3) жеке куәліктің көшірмесі;
      4) зейнеткер куәлігінің немесе мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
      5) жер учаскесіне құқық орнатушы құжаттың көшірмесі;
      6) жалға алушыларға (жалдаушыларға) – жалға алу келісімшартының (жалдау) көшірмесі.
      Жәрдем қаржы беру шарттарымен таныстым.
 

20__ ж. "____" _______________               ________________________
                                            (өтініш иесінің қолы)

Өтінішке жауап алдым ________________________________________________
                               (өтініш иесінің Т.А.Ә)

20__ жыл "____" _______________             _________________________
                                              (өтініш иесінің қолы)

___________________ (маманның қолы)

О предоставлении дотации на воду, используемую для полива огородов отдельным категориям граждан

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 13 мая 2011 года N 360/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 07 июня 2011 года N 12-3-296. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 06 января 2012 года N 22/1

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 06.01.2012 N 22/1.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", во исполнение решения Экибастузского городского маслихата (внеочередная XXXI сессия, IV созыв) от 31 марта 2011 года N 342/31 "О внесении изменений и дополнений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная XXVII сессия, IV созыв) от 23 декабря 2010 года N 309/27 "О бюджете города Экибастуза на 2011 - 2013 годы", в целях поддержки отдельных категорий граждан, акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить, что право получения дотации на воду имеют пенсионеры и инвалиды всех групп, являющиеся собственниками или нанимателями (арендаторами) частных домов с огородами, прописанные и постоянно проживающие в Экибастузском регионе, за исключением прописанных совместно с лицами трудоспособного возраста.
      Пенсионеры и инвалиды всех групп, имеющие два и более частных дома с огородами, имеют право на получение дотации только по одному частному дому с огородом.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" (далее – Отдел) предоставлять дотацию на воду, используемую для полива огорода, в размере 50% от стоимости поливной воды.
      3. Для получения дотации на воду гражданам, указанным в пункте 1 настоящего постановления, необходимо обратиться до 15 октября соответствующего года в Отдел с заявлением установленного образца, согласно приложению.
      4. Отделу производить перечисление денежных средств на лицевые счета пенсионеров и инвалидов всех групп в акционерное общество "Казпочта" или банки II уровня в ноябре месяце соответствующего года согласно плану финансирования.
      5. Финансирование социальных выплат осуществлять в рамках средств, предусмотренных бюджетом.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 (десяти) календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      7. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Оспанкулова Г.А.

      Аким города Экибастуза                     А. Вербняк

Приложение      
к постановлению акимата 
города Экибастуза  
от 13 мая 2011 года N 360/4

Начальнику государственного учреждения
"Отдел занятости и социальных программ
акимата города Экибастуза"   
______________________________________
от ___________________________________
______________________________________
проживающего по адресу:      
______________________________________

                             ЗАЯВЛЕНИЕ

      Я, ____________________________________________________________
                   (фамилия, имя, отчество полностью)
являюсь собственником/нанимателем (арендатором) частного дома с огородом, расположенного по адресу:
_____________________________________________________________________
      Огород (указать количество соток _____________________________.
      Прошу перечислить дотацию за воду на лицевой счет
N __________________________________, РНН __________________________.

      1) копии квитанций о начислении и оплате за поливную воду за май, июнь, июль, август и сентябрь месяцы соответствующего года;
      2) копию книги регистрации граждан;
      3) копию документа, удостоверяющего личность;
      4) копию удостоверения пенсионера либо копию справки об инвалидности;
      5) копию правоустанавливающего документа на земельный участок;
      6) нанимателям (арендаторам) – копию договора найма (аренды).
      С условиями предоставления дотации ознакомлен (а).

      "_____" ___________________20___г.      _______________________
                                                 (подпись заявителя)

Ответ на обращение мною получен         _____________________________
                                       (Ф.И.О. заявителя)

"_____"_______20___ год                       _______________________
                                                (подпись заявителя)
      ________________________
        (подпись специалиста)