Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 06.01.2012 N 22/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 31 наурыздағы (IV шақырылған кезектен тыс XXХI сессиясы) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XXVII сессия) "2011 - 2013 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 309/27 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 342/31 шешімін орындауда, азаматтардың жекеленген санаттарын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демеу қаржы алуға Екібастұз өңірінде тіркелген және тұрақты тұрып жатқан бау-бақшалары бар жеке үйлердің меншікті иелері немесе жалға алушылары (жалдаушылар) болып табылатын, еңбекке қабілетті жастағы тұлғалармен бірге тіркелгендерден басқа зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер құқылы екендігі белгіленсін.
Жеке меншігінде екі немесе одан да көп бау-бақшалы үйлері бар зейнеткерлер және барлық топтағы мүгедектер бір ғана бау-бақшалы үйге демеуқаржы алуға құқылы.
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) бау-бақшаны суару үшін пайдаланатын суару суы құнының 50% мөлшерінде суға демеуқаржы берсін.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар демеуқаржы алу үшін қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішпен Бөлімге тиісті жылдың 15 қазанына дейін өтінуі қажет.
4. Бөлім тиісті жылдың қараша айында қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшалай қаржыны зейнеткерлердің және барлық топтағы мүгедектердің "Қазпошта" акционерлік қоғамына немесе ІІ деңгейдегі банктердегі есеп шоттарына аударсын.
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру бюджетпен қарастырылған қаржы аясында жүзеге асырылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсiн.
Екiбастұз қаласының әкiмi А. Вербняк
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 13 мамырдағы
N 360/4 қаулысына
қосымша
"Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік
мәселелер бөлімі" ММ бастығы
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
Тұратын мекен-жайы:
_____________________________________
ӨТІНІШ
Мен, ________________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты толығымен)
_____________________________________________________________________
мекен-жайы бойынша орналасқан бау-бақшасы бар жеке меншік үйдің меншікті иесі/немесе жалға алушысы (жалдаушы) болып табыламын
Бау-бақша (шаршы санын көрсету)______________________________________
СТН __________________ N_______________________________________ жеке
есеп шотына суға демеуқаржы аударуыңызды сұраймын.
1) сәйкес жылдың мамыр, маусым, шілде, тамыз және қыркүйек айларының суару суына төленген түбіртектің көшірмесі;
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
3) жеке куәліктің көшірмесі;
4) зейнеткер куәлігінің немесе мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
5) жер учаскесіне құқық орнатушы құжаттың көшірмесі;
6) жалға алушыларға (жалдаушыларға) – жалға алу келісімшартының (жалдау) көшірмесі.
Жәрдем қаржы беру шарттарымен таныстым.
20__ ж. "____" _______________ ________________________
(өтініш иесінің қолы)
Өтінішке жауап алдым ________________________________________________
(өтініш иесінің Т.А.Ә)
20__ жыл "____" _______________ _________________________
(өтініш иесінің қолы)
___________________ (маманның қолы)