Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 09.09.2013 N 898/9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі, 107 мекенжайы бойынша орналасқан, жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы төлем жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метріне 48,46 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Уют-А" үй-жай иеленушілерінің кооперативі осы үйдің басқарушы субъектісі болып анықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк