Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 08.05.2013 N 91/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына, 9-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушіге тиісті жолдама беру арқылы квоталандырылған жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З.Ысқақоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Ж. Ташенов