Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 03.07.2013 N 81 хаты).
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылға арналған тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Тарама
Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов
Ақтоғай аудандық мәслихаттың
(IV шақырылым, кезекті ХХХVІІІ сессиясы)
2011 жылғы 20 желтоқсандағы
N 198/38 шешіміне
қосымша
Рет N | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
6 |
5 |
Карт |
3 |
6 |
Бильярд үстелі |
4 |