Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012.03.19 N 95/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы топтары ішіндегі жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға нысаналы топтарға жататын қосымша тұлғалар тізбесі анықталсын:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) 50 жастан асқан әйелдер мен 55 жастан асқан ер адамдар;
3) он екі ай және одан аса-ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар;
4) бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасының тұлғалары;
5) "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекеменің (әрі қарай – Бөлім) жолдамасы бойынша кәсіби даярлау мен қайта даярлау курсын өткен жұмыссыздар;
6) 2011 жылы оқу мекемелерінде бастапқы, орта және жоғары білімдерін кәсіби аяқтаған тұлғалар.
2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шарасы ретінде - кәсіби бастауыш, орта және жоғары оқу орындарын аяқтаған түлектерге жұмысқа орналасу үшін "жастар тәжірибесінен" өткен кезде, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен белгіленген, жұмыс берушіге ең аз еңбекақы мөлшерінен кем емес шығынды өтеу белгіленсін.
3. Бөлімге нысаналы топтар ішінен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және жұмыс берушілермен жасалған шарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі В. Левченко