Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес және Алматы қаласы әкімінің ұсынысын қарап, IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай Алматы қаласында тұрақты тұратын және белгіленген тәртіппен тіркелген келесі санаттағы азаматтарға бер реттік материалдық көмек белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 10000 (он мың теңге) мөлшерінде;
3) Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарының мүгедек болған азаматтарға 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
4) Ауғанстағы ұрыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жарақат алу салдарынан қайтыс болған, контузия алған, жарымжан болған, науқастанған әскери қызметшілердің отбасыларына қайталап некеге отырмаған зайыбы (жұбайы), ата-анасы 10000(он мың) теңге мөлшерінде.
2. Бір реттік материалдық көмек көрсету Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы қалалық бөлімшесінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» берген мәліметтерінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қоғамдық келісім мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты депутатық комиссиясына (Е.Б. Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының кезектен тыс
XXXX сессиясының төрағасы Н. Бейсембина
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев