"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 21-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" № 6 шешіміне (2004 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде тіркелген № 1327, "Добрый вечер" газетінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 3 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелерінде:
6-тармақта 7), 8) тармақшалар алынып тасталсын;
6-1-тармақ:
бірінші азат жол мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"6-1. Жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға құқығы бар отбасыларға (азаматтарға) осы Ереженің 6 тармағында көзделген құжаттардан басқа ұсынады:";
2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
3) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот.";
10, 18 тармақтарда "тұрғын үй ұстауға" сөздерінен соң "жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатындарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен соң он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрайымы |
Г. Дорофеева |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Р. Сыздықов |