Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2011.09.27 N 219 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 18-1-бабының 4-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға келісілді әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі анықталсын.
2. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін жүзеге асырсын.
3. Уәкілетті органға нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін келісімді жасау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.С. Мәкішевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Елубаев