Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 17.06.2013 N 249 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар Министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Бұйрығының 67-тармағына сәйкес және жылу энергиясын тұтыну мөлшерін анықтау үшін ұсынылған есеп негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Айыртау-Сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен жылытылатын, коммерциялық есеп аспабы жоқ тұтынушылары үшін, Саумалкөл селосы тұрғын үйлерінің жалпы алаңының бір шаршы метріне жылу энергиясының тұтыну мөлшері жылыту маусымына бір айға 0,03 гекокалория/ м2 бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Тоқтасын