Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 2012.09.13 N 02-07-03-04/762 хаты)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 37-бабының 8-тармағына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18-баптарына, «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер және әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, әскерге шақырылатындарды әскери есепке қою үшін, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылжар ауданының аумағында 2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу жылы он жеті жасқа толатын және одан үлкен жастағы шақыру учаскесінде бұрын тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағындағы шақыру учаскесіне еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге алуды жүргізу туралы» Қызылжар ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсанындағы № 24 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 15 желтоқсанындағы № 13-8-136 тіркелді және 2010 жылғы 24 желтоқсанындағы № 24 «Маяк» және 2010 жылғы 23 желтоқсанындағы № 53(387) «Қызылжар» газеттерінде жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауданының әкімі В. Редин
КЕЛІСІЛДІ
«Қызылжар ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н. Ә. Әубәкіров