Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2011.11.18 N 40 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 33-бабына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17, 18-баптарына және 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, тіркеуге алу жылы 17 жасқа толатындарды тіркеуге алу 2011 жылғы қаңтар-наурызда шақырту учаскесіне ұйымдастырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Колесниковке жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Пшенбаев