Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012.01.25 N 50 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3-тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шықыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының қорғаныс істері жөніндегі Бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы шақыру ұйымдастырылып, қамтамасыз етілсін.
2. Ауданда әскерге шақыруды жүргізу үшін құрамы қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.
3. Шақыру комиссиясы Булаево қаласында Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пуктінде жүргізілсін.
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мағжан Жұмабаев ауданының орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (келісім бойынша) шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыру үшін:
Булаево қаласында Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктіндегі медициналық комиссиясының жұмысын қамтамасыз етсін;
мамандығы бойынша тәжірибелі маман-дәрігерлер және орта медициналық персоналдың қажетті санын бөлсін;
әскерге щақыру комиссиясын медициналық құралдармен қамтамасыз етсін;
шақырылушыларды аудандық ауруханада стационарлық тексеру үшін орын бөлуді ескерсін.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды аудандық шақыру комиссияларының құрамына енгізуді;
шақырудан жасырынып қалуға жол бермей, азаматтардың шақыру пунктеріне келуін бақылауды, әскери қызметтен жасырынған тұлғаларды жеткізуді ұйымдастыруды;
әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
6. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі шақыру науқанын жүргізу кезінде:
алыс елді мекендерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясын өтуге жеткізу үшін автомобиль көлігін бөлуді;
қызмет көрсететін персонал 2 кісі және техникалық жұмысшылар 4 кісі санымен қамтамасыз етілсін.
7. «Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бөлінген қаражат шегінде шақыру науқанын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
8. Әскерге шақыру пунктіне іссапарға жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің, сондай ақ қызмет көрсету персоналының жұмыс орны, лауазымы және еңбекақысы сақталсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Қабдөшевке жүктелсін.
10. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі В.Бубенко
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министірлігі
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің «Мағжан Жұмабаев
ауданының орталық аудандық
ауруханасы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынының
бас дәрігері В.Уваров
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ішкі істер департаменті
Мағжан Жұмабаев ауданының
ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Асылбеков
«Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ж.Шәріпов
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 16 наурыздағы № 46
қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2011.10.18 N 335 Қаулысымен
Сарсымбаев Нариман Шаяхметұлы |
қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Бражник Галина Николаевна |
аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары |
Донова Людмила Николаевна |
орталық аудандық аурухананың салауатты өмір салты бойынша медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
|
Нұрпейсов Манарбек Қайыртайұлы |
ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Учайкина Галина Васильевна |
орталық аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) |
Шақыру комиссиясының қандай да бір мүшелері міндеттерін атқару мүмкіндігі болмай қалған жағдайға, резервті комиссия құрамы құрылсын: |
|
Өтеуов Ерлан Сайранұлы |
қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша жинау және шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Қасенова Рауза Ивановна |
ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары |
Федулова Людмила Геннадьевна |
орталық аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелері: |
|
Нұрғожин Шегібай Мәруарұлы |
ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Воробьева Вера Николаевна |
орталық аудандық аурухананың терапевт дәрігері (келісім бойынша) |