Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012.01.25 N 50 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 115 «Мағжан Жұмабаев ауданында 2011 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың оңтайлы әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарының тиімді мерзімдері мен субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы» қаулысына (2011 жылғы 6 мамырдағы № 13-9-133 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы № 18 «Вести» және «Мағжан Жұлдызы» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
Қосымшасында:
1 тармақта «Дақылдың атауы» бағанының «Зығыр, қыша» жолынан кейін «Рыжик» жолымен толықтырылсын;
1 тармақта «Егіс мерзімі» бағанының «18 мамыр - 25 мамыр» жолынан кейін «25 мамыр - 30 мамыр» жолымен толықтырылсын;
2 тармақта «Дақылдың атауы» бағанының «Зығыр, қыша» жолынан кейін «Рыжик» жолымен толықтырылсын;
2 тармақта «Егіс мерзімі» бағанының «17 мамыр - 25 мамыр» жолынан кейін «25 мамыр - 30 мамыр» жолымен толықтырылсын;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Қабдөшевке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 6 мамырдағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі В. Бубенко