Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 115 "Мағжан Жұмабаев ауданында 2011 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді дақылдардың оңтайлы әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарының тиімді мерзімдері мен субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 228 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 шілдеде N 13-9-137 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы N 50 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2012.01.25 N 50 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 115 «Мағжан Жұмабаев ауданында 2011 жылға арналған субсидия берілетін ауыл шаруашылық дәнді-дақылдардың оңтайлы әрбір түрі бойынша егіс жұмыстарының тиімді мерзімдері мен субсидия алушылар тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімін анықтау туралы» қаулысына (2011 жылғы 6 мамырдағы № 13-9-133 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы № 18 «Вести» және «Мағжан Жұлдызы» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      Қосымшасында:
      1 тармақта «Дақылдың атауы» бағанының «Зығыр, қыша» жолынан кейін «Рыжик» жолымен толықтырылсын;
      1 тармақта «Егіс мерзімі» бағанының «18 мамыр - 25 мамыр» жолынан кейін «25 мамыр - 30 мамыр» жолымен толықтырылсын;
      2 тармақта «Дақылдың атауы» бағанының «Зығыр, қыша» жолынан кейін «Рыжик» жолымен толықтырылсын;
      2 тармақта «Егіс мерзімі» бағанының «17 мамыр - 25 мамыр» жолынан кейін «25 мамыр - 30 мамыр» жолымен толықтырылсын;
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Қабдөшевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 6 мамырдағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                В. Бубенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады