«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 31-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданы Тайынша қаласының Красноармейская көшесі Астана көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Маковский
Аудандық мәслихаттың хатшысы Н. Трифонов