Тайынша ауданы Тайынша қаласының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қарашадағы N 296 шешімі және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы N 405 біріккен қаулылары. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 желтоқсанда N 13-11-222 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 31-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тайынша ауданы Тайынша қаласының Красноармейская көшесі Астана көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Маковский
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Н. Трифонов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады