Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012.08.01 N 5/5 Шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7-бабы 3-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген селолық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-бөліміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2012 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына:
1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең мөлшер сомасында көтерме жәрдемақы;
2) айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесі – тұрғын-үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
XLIV сессиясының төрағасы хатшысы
И. Меркер Н. Дятлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шал ақын ауданының
ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Х. Найманов