Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық мәслихатының 2012.12.20 N 11/10 Шешімімен
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері туралы» Ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт мамандарына және ветеринария саласында қызмет атқаратын ветеринария мамандарына:
1) жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең мөлшер сомасында көтерме жәрдемақы;
2) айлық есептік көрсеткіштің бір мың бес жүз есе мөлшерінен аспайтын сомада бюджет несиесі – тұрғын-үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. 2011 жылдың 21 желтоқсанынан № 44/4 «2012 жылы Шал ақын ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы» Шал ақын аудандық мәслихат шешімінің (2012 жылдың 13 қаңтарында № 13-14-143 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2012 жылдың 27 қаңтарынан № 5 «Парыз» аудандық газетінде және 2012 жылдың 27 қаңтарынан № 5 «Новатор» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп саналсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты Аудандық мәслихаттың
V сессиясының төрағасы хатшысы
К. Байзаков Н. Дятлов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Шал ақын ауданының ауыл шаруашылық
және ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Пашковский
«Шал ақын ауданының
экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығының м.а. Ж. Хасенова