Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 29.06.2023 № 101 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына және Атырау облысы мәслихатының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 340-IV шешіміне және Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 139 "Құрманғазы ауданы Дыңғызыл селолық округінің Қызылоба ауылын Ғизат Әліпов ауылы деп қайта атау туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2564 тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы "Атырау" газетінің № 48 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері" деген 1-қосымшасында:
бүкіл мәтін бойынша "Қызылоба" деген сөз "Ғизат Әліпов" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Облыс әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 215 "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы № 66 "Атырау облысы шегінде Жайық және Қиғаш өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.А. Дәукеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Рысқалиев |