Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 27.08.2020 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының
20-бабына және IV шақырылған облыстық мәслихаттың XXV сессиясының 2010 жылғы 3 желтоқсанындағы № 372-IV "2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғаныстандағы ұрыс қимылдары қатысушыларының санаторий-курорттық емделуіне жеңілдіктер берілсін.
2. Атырау облысы Қаржы басқармасы мен Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулымен қаралған қаржының уақтылы төленуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Керімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таралады.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Дәукенов |