Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғаныстандағы ұрыс қимылдарының қатысушыларына санаторий-курорттық емделуге жеңілдік беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 361 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 21 желтоқсанда № 2598 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 27.08.2020 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының

      20-бабына және IV шақырылған облыстық мәслихаттың XXV сессиясының 2010 жылғы 3 желтоқсанындағы № 372-IV "2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысында тұратын Ұлы Отан соғысының және Ауғаныстандағы ұрыс қимылдары қатысушыларының санаторий-курорттық емделуіне жеңілдіктер берілсін.

      2. Атырау облысы Қаржы басқармасы мен Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулымен қаралған қаржының уақтылы төленуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Керімовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Б. Дәукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады