Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.02.28 № 115 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының) ордендерімен және медальдарімен марапатталған адамдарға 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Жылыой ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Қамидолла) белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Далабаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Нұғманов