Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының) ордендері және медальдарымен наградталған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 122 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2011 жылғы 9 маусымда № 4-2-156 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.02.28 № 115 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының) ордендерімен және медальдарімен марапатталған адамдарға 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып "Жылыой ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Қамидолла) белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Далабаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Нұғманов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады