Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 19.12.2014 № 674 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы негізінде, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Махамбет ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен № 3 және № 10 сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптар мен тәртіпке сәйкес келісім-шарт негізінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне және № 3, № 10 сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлармен қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті ресми жариялануға жатады.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Арыстанға жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Зинуллин
Аудандық әкiмдіктің
2011 жылғы 1 наурыздағы № 66
қаулысына 1 қосымша
Махамбет ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының ТІЗБЕСІ
№ |
Орналасқан жері |
1 |
Махамбет селосы, Селолық округ әкімі аппараты ғимаратының алдындағы және Орталық алаңдағы ақпараттық-жарнамалық стенд |
2 |
Сарытоғай селосы, И. Тайманов және Қ. Қалыбеков көшелерінің қиылысындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
3 |
Жалғансай селосы, "Рашид" дүкенінің жанындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
4 |
Ортақшыл селосы, Мәдениет үйінің алдығы және "Батима" дүкенінің жанында ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
5 |
Есбол селосы, "Абылайхан" дүкенінің алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
6 |
Еңбекшіл селосы, "Альвира-Эльвира" дүкенінің алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
7 |
Алға селосы, Орталық көшедегі ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
8 |
Ақжайық селосы, Мәдениет үйі алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
9 |
Алмалы селосы, Бейбітшілік көшесі бойындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
10 |
Береке селосы, Түсіпқалиев көшесі бойындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
11 |
Бейбарыс селосы, Әйтеке би және Ә. Қалымов көшелерінің қиылысындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
12 |
Талдыкөл селосы, Ж. Жабаев көшесінің бойындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
13 |
Сарайшық селосы, А. Иманов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
14 |
Ескі Сарайшық ауылы, Сарайшық интернат үйінің шарбағына орнатылған ақпараттық-жарнамалық стенд |
15 |
Таңдай селосы, Мәдениет үйінің оң жағындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
16 |
Көздіқара елді-мекені, "Сары арқа" көшесі, № 29 үйдің жанындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
17 |
Ақтоғай селосы, Мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
Аудандық әкiмдіктің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 66 қаулысына 2 қосымша
Махамбет ауданының № 3 және № 10 сайлау округтері бойынша
Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарының
ТІЗБЕСІ
№ |
Орналасқан жері |
Ескертпе |
1 |
Махамбет селосы, Аудандық орталық аурухана алдындағы ақпараттық-жарнамалық стенд |
№ 3 сайлау округі бойынша үміткер кандидаттар үшін |
2 |
Алға селосы, мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық-жарнамалық тұғырлық |
№ 10 сайлау округі бойынша үміткер кандидаттар үшін |
Аудандық әкiмдіктің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 66 қаулысына 3 қосымша
Қазақстан Республикасы Президенттігіне және № 3, № 10 сайлау округтері бойынша Махамбет аудандық Мәслихат депутаттығына кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлармен қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органдар
№ |
Мемлекеттік орган атауы |
Басшысының аты жөні |
Телефон, факс |
Мекен-жайы |
1 |
"Махамбет аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Құлмағамбетов Ерсайын Нұрымұлы |
8 /71236/ 2-14-52 |
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі, 13 |