Ескерту. Күші жойылды – Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 06.02.2013 № 78 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабын және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабын басшылыққа алып, аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай жергілікті бюджеттен 100 000 (жүз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек төленсін.
2. "Махамбет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі материалдық көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі |
Ө. Зинуллин |