Квота белгілеу туралы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 шілдедегі N 239 қаулысы. Атырау облысының Құрманғазы аудандық әділет Басқармасында 2011 жылғы 11 тамыздағы N 4-8-210 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы № 106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013.02.21 № 106 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Құрманғазы ауданындағы барлық мемлекеттік меншік түріндегі ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының үш пайыз мөлшерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. "Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды осы қаулыға сәйкес жұмысқа орналастыруға ықпал көрсету шараларын қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 25 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                А. Такешев

Об установлении квоты

Постановление Курмангазинского районного акимата Атырауского области от 20 июля 2011 года N 239. Зарегистрировано Управлением юстиции Курмангазинского района Атырауской области 11 августа 2011 года за N 4-8-210. Утратило силу - постановлением Курмангазинского районного акимата Атырауской области от 21 февраля 2013 года № 106

      Сноска. Утратило силу - постановлением Курмангазинского районного акимата Атырауской области от 21.02.2013 № 106.
      Руководствуясь статьей 21 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года № 251, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 "О занятости населения", акимат района ПОСТАНОВИЛ:
      1. Организациям, учреждениям и предприятиям всех государственных форм собственностей Курмангазинского района установить квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест, квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, а также для несовершеннолетних выпускников интернатных организации в размере одного процента.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Курмангазинского района" принять меры по содействию в трудоустройстве инвалидов, лиц освобожденных из мест лишения свободы, а также для несовершеннолетних выпускников интернатных организации, в соответствии с данным постановлением.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А. Муфтаху.
      4. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и применяется на отношения возникшие с 25 апреля 2011 года.

      Аким района                                А. Такешев