Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013.02.21 № 106 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 21 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Құрманғазы ауданындағы барлық мемлекеттік меншік түріндегі ұйымдарда, мекемелерде және кәсіпорындарда мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының үш пайыз мөлшерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
2. "Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды осы қаулыға сәйкес жұмысқа орналастыруға ықпал көрсету шараларын қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Мұфтахқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 25 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі А. Такешев