Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының, Арыс және Ордабасы аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 47/462-IV Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 354 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтрада N 2069 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қалалық және Ордабасы аудандық мәслихаттары мен әкімдіктерінің бірлескен ұсыныстарын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Арыс қаласының әкімшілік шекарасына Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінен 500 гектар жерді және Арыс ауданынан 1888 гектар жерді қосу арқылы және Ордабасы ауданының әкімшілік шекарасына Арыс ауданының Дермене ауылдық округінен 500 гектар жерді беру арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының, Арыс және Ордабасы аудандарының әкімшілік шекаралары өзгертілсін.
      2.Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов
      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     Н.Әбишов
      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ә.Досболов
 
 
 
 
 











      
 
 

      
 
 


Об изменении административных границ города Арысь, Арысского и Ордабасинского районов Южно-Казахстанской области

Совместное решение областного маслихата Южно-Казахстанской области N 47/462-IV от 7 декабря 2011 года и постановление акимата Южно-Казахстанской области N 354 от 21 декабря 2011 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области от 13 января 2012 года за N 2069

      В соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан», с учетом совместного предложения Арысского городского и Ордабасинского районного маслихатов и акиматов, Южно-Казахстанской областной маслихат РЕШИЛ и акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВИЛ:
      1. Изменить административные границы города Арысь, Арысского и Ордабасинского районов Южно-Казахстанской области путем включения в административные границы города Арысь 500 гектаров земель, передаваемых из Буржарского сельского округа Ордабасинского района и 1888 гектаров земель, передаваемых из Арысского района, и включения в административные границы Ордабасинского района 500 гектаров земель, передаваемых из Дермининского сельского округа Арысского района.
      2. Данное совместное решение и постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким области                               А.Мырзахметов
      Председатель сессии областного маслихата   Н.Абишов
      Секретарь областного маслихата             А.Досболов