«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қалалық және Ордабасы аудандық мәслихаттары мен әкімдіктерінің бірлескен ұсыныстарын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Арыс қаласының әкімшілік шекарасына Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінен 500 гектар жерді және Арыс ауданынан 1888 гектар жерді қосу арқылы және Ордабасы ауданының әкімшілік шекарасына Арыс ауданының Дермене ауылдық округінен 500 гектар жерді беру арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының, Арыс және Ордабасы аудандарының әкімшілік шекаралары өзгертілсін.
2.Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А.Мырзахметов
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Н.Әбишов
Облыстық мәслихат хатшысы Ә.Досболов