Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Сайрам ауылының шегіне жалпы алаңы 139,0 гектар «З.Хусанов» өндірістік кооперативінің жерін қоса отырып, Сайрам ауылының шегі өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауыл аумақтарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М.Есалиев
Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы Т.Төлендиев
Сайрам ауданы әкімінің
міндетін уақытша атқарушы С.Сапарбаев