Сарыағаш ауданының кейбір елді мекендерінің шекараларына өзгерістер енгізу туралы

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 наурыздағы N 44-327-IV Шешімі және Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы N 248 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 сәуірде N 14-11-169 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107, 108 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Біртілек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 56, Жемісті ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 393 және Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 503 ұсыныстары негізінде, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Біртілек ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 73,73 га жер учаскесі Шұқырсай ауылының шекарасына, Жемісті ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 1,5 га жер учаскесі Жемісті ауылы мен 11,3 га жер учаскесі Тың ауылының шекараларына және Жібек жолы ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 27,0 га жер учаскесі Қарабау ауылы мен 6,0 га жер учаскесі Жаңа құрылыс ауылының шекараларына енгізілсін және аталған ауылдардың шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Н.Тоғызбаев     

      Сарыағаш ауданының әкімі                   М.Мырзабаев     

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Б.Каипов

Об изменении границ некоторых населенных пунктов Сарыагашского района

Совместное решение маслихата Сарыагашского района Южно-Казахстанской области от 2 марта 2011 года N 44-327-IV и постановление акимата Сарыагашского района Южно-Казахстанской области от 2 марта 2011 года N 248. Зарегистрировано Управлением юстиции Сарыагашского района Южно-Казахстанской области 13 апреля 2011 года N 14-11-169

      В соответствии со статьями 107, 108 Земельного Кодекса Республики Казахстан, подпункта 3 статьи 12 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", статьями 6, 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и на основании внесенных предложений акимами Биртилекского сельского округа № 56 от 16 февраля 2011 года, Жемистинского сельского округа № 393 от 8 декабря 2010 года и Жибекжолинского сельского округа № 503 от 22 декабря 2010 года, Сарыагашский районный маслихат РЕШИЛ и районный акимат ПОСТАНОВИЛ:
      1. Из специального районного земельного фонда в Биртилекском сельском округе включить 73,73 га земельного участка в границы аула Шукырсай, из специального районного земельного фонда в Жемистинском сельском округе включить 1,5 га земельного участка в границы аула Жемисти и 11,3 га земельного участка в границы аула Тын, а также из специального районного земельного фонда в Жибекжолинском сельском округе включить 27,0 га земельного участка в границы аула Карабау и 6,0 га земельного участка в границы аула Жана курылыс и изменить границы названных аулов.
      2. Настоящее совместное решение и постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.      

      Председатель сессии районного маслихата    Н.Тогызбаев

      Аким Сарыагашского района                  М.Мырзабаев

      Секретарь районного маслихата              Б.Каипов