Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 107, 108 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, Біртілек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 56, Жемісті ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 393 және Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 503 ұсыныстары негізінде, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Біртілек ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 73,73 га жер учаскесі Шұқырсай ауылының шекарасына, Жемісті ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 1,5 га жер учаскесі Жемісті ауылы мен 11,3 га жер учаскесі Тың ауылының шекараларына және Жібек жолы ауылдық округіндегі ауданның арнайы жер қорынан 27,0 га жер учаскесі Қарабау ауылы мен 6,0 га жер учаскесі Жаңа құрылыс ауылының шекараларына енгізілсін және аталған ауылдардың шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Н.Тоғызбаев
Сарыағаш ауданының әкімі М.Мырзабаев
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Каипов