Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 05.11.2014 № 639 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына және 9-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түлкібас ауданындағы меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілеріне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Пралиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Аудан әкімі Қ.Абдуалиев