Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 26.03.2013 N 216 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, әлеуметтік қолдауға аса мұқтаж азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін квота белгілеу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және жұмыс іздестіруде қиыншылықтары бар интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары С.В. Кагармановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі М. Сапарғалиев