Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Риддер қаласы әкімінің аппаратының 2012.05.07 N 2-22-3188 хаты).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 3)-тармақшасына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2011 жылғы жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жататын Риддер қаласы коммуналдық меншігі объектілерінің ұсынылған тізбесі бекітілсін.
2. «Риддер қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т. Зайцева) белгіленген заңнама тәртібінде осы қаулымен бекітілген объектілерді жекешелендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Кагармановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі М. Сапарғалиев
Қосымша
Риддер қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 23 тамыздағы № 1018
қаулысымен бекітілді
Жекешелендіруге және оның алдын ала сатыларына жататын Риддер
қаласы коммуналдық меншігі объектілерінің
тізбесі
№ р/с |
Объектінің атауы |
Объектінің орналасқан орны және баланс ұстаушысы |
1 |
Ауданы 317,2 м2 бұрынғы асхана үйжайы |
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ балансындағы, Риддер қаласы, Карагандинская көшесі, № 1 |
2 |
Ауданы 32,2 м2 қоса салынған үйжай |
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ балансындағы, Риддер қаласы Қонаев көшесі, 48-48а |
3 |
Ауданы 90,6 м2 жекелей тұрған ғимарат |
Риддер қаласы, Поперечное ауылы, Центральная көшесі, № 2 |