Ескерту. Күші жойылды (Риддер қаласы әкімі аппаратының 2012.11.07 N 2-22-7948 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Риддер қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. «Риддер қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркеу жылында он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
2. Пригородный ауылдық округінің әкімі Е. Нұрмұхамбетов және Үлбі кенттік округінің әкімі Қ. Теленчинов «Риддер қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу жылында он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың ұйымдасқан және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
3. «Риддер қаласының медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры Г. Кітаппаеваға ұсынылсын:
1) медициналық комиссияны маман-дәрігерлермен, орта медициналық қызметшілермен, қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықтау;
2) шақырылған құрамның флюрографиялық тексерілуін, электрокардиограмма және қажетті сараптамаларды тапсыруын қамтамасыз ету;
3) әскерге шықырылушылардың клиникалық тексеруден өтуі және емделуі үшін қажетті мөлшерде төсек-орын бөлу;
4) медициналық комиссияның жұмысын «Риддер қаласының қорғаныс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пунктінде ұйымдастыру.
4. «Риддер қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндеттерін атқарушы И. Какеновқа «Риддер қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Өскенбаевпен бірлесе отырып әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жүргізу, алынған мамандығының жалпы білім деңгейін және дене шынықтыру дайындығы деңгейін белгілеу ұсынылсын.
5. «Риддер қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р. Қамзинға тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізу, сондай-ақ шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е. Соколоваға жүктелсін.
7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі М. Сапарғалиев
Келісілді:
«Риддер қаласының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндеттерін
атқарушы, майор И. Какенов
26.12.2011 ж.
«Риддер қаласының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы, подполковник Р. Қамзин
26.12.2011 ж.
«Риддер қаласының медициналық
бірлестігі» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорыны директоры Г. Кітаппаева
26.12.2011 ж.